Тәжікстан үкіметі Нүрек ГЭС-ін жаңартуға Еуразия даму банкінің қатысу мүмкіндігін талқылап жатыр

АЛМАТЫ. 29 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Душанбеде Еуразия даму банкінің Басқарма төрағасы Қамбар Шалғымбаев бастаған халықаралық қаржы институтының делегациясы ресми сапар аясында Тәжікстанның Премьер-Министрі Акил Акиловпен келіссөз өткізді.
None
None

Оған Тәжікстан тарапынан Қаржы министрі Сафарали Наджмиддинов, Сыртқы істер министрі Хамрохон Зарипов, Экономиекалық даму және сауда министрі Фаррух Хамралиев, Энергетика және өнеркәсіп министрі Шерали Гул, Инвестиция және мемлекеттік мүлік жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасының 1-орынбасары Амонджон Эшонкулов, Ұлтық банк төрағасы Шариф Рахимзода, «Барки Точик»ұлттық энергетикалық компаниясының төрағасы Абдулло Еров және Тәжікстан Президентінің экономикалық сасаят жөніндегі аға кеңесшісі Негматджон Буриев қатысты.

Банктің баспасөз қызметі таратқан хабарламаға қарағанда, тараптар Тәжікстан аумағындағы Еуразия даму банкінің және ЕурАзЭҚ-тың Дағдарысқа қарсы қоры желісіндегі инвестициялық қызметінің бағыттары мен келешегін талқылаған. Онда банк пен Дағдарысқа қарсы қор қаржысын «Нүрек ГЭС-ін сауықтыру» инвестициялық жобасына тарту мәселесіне айрықша көңіл бөлінді. Ол Тәжікстанның электр энергиясына деген мұқтаждығының төрттен үштен астамын қамтамасыз етеді. Бұл ГЭС озық технологияларды қолдану арқылы негізгі және көмекші құрал-жабдықтарды жаңарту базасында жедел сауықтыруды қажет етуде. Стансаның жаңартуды қажет ететін құрал-жабдықтарына электро және гидромеханикалық жабдықтар, басқару жүйесі, автоматтандыру және диагностика кіреді. Қуаты 3 мың МВт құрайтын бұл гидроэлектрстанса 1972 жылы пайдалануға берілген болатын. Оның соңғы агрегаты 1979 жылы іске қосылды. Осыған орай Тәжікстан үкіметі былтыр оны энергетика саласындағы 2010-2015 жылдардағы басым жобалардың қатарына қосқан еді. Оның құны шамамен 300 миллион АҚШ долларын құрайды.

Соңғы жаңалықтар