Тәжікстандағы қазақстандық тауарлар импорттың 16 пайызын құрайды

«Тәжікстанның сыртқы тауар айналымы жалпы ішкі өнімнің 68 пайызын құрайды. Былтыр елдегі импорттық өнімдердің 24,4 пайызы Ресейдің, 16 пайызы Қазақстанның, 12,9 пайызы Қытайдың, 5,1 пайызы АҚШ-тың, 4,1 пайызы Түркіменстанның, 4 пайызы Иранның үлесіне тиген еді. 2007 жылы импортта Ресей - 33, Қазақстан - 14, Қытай - 12, Өзбекстан - 9, Иран, Италия, Түркия елдерінің үлесі 3 пайыздан еді», - дейді Сауда саясаты және тұтыну нарығы бойынша Бас басқарманың бастығы З.Кенджаев. Оның айтуынша, Тәжікстан экспортында өткен жылы Түркия бірінші (36,3 пайыз), Ауғанстан екінші (4,1 пайыз), Қытай үшінші (13,3 пайыз), Ресей төртінші (7,9 пайыз), Қазақстан бесінші (7,5 пайыз) орын алды. Ал 2007 жылы бірінші Голландия (39 пайыз), екінші Түркия (32 пайыз), үшінші Ресей (7 пайыз), төртінші Өзбекстан (6 пайыз), бесінші Иран (5 пайыз) тұрған.
Кеңестік дәуірде экономикасы аллюминий мен мақта өндірісіне бағытталған бұл елде қазіргі таңда да олар негізгі экспорттық тауарлар болып отыр. Былтыр экспорттағы олардың үлесі алдыңғы жылмен салыстырғанда 70,3-тен 56 пайызға дейін азайды. Экспортты әртараптандыру және инвестиция тарту мақсатында қазір Сугд, Төменгі Пяндж, Дангара мен Ишкошимде еркін экономикалық аймақтар құрылуда.