Тәжік-ауған шекарасында 4 лаңкестің көзі жойылды

АСТАНА. KAZINFORM – Тәжікстан шекарасында Ауғанстаннан келген 4 лаңкестің көзі жойылды, деп хабарлайды Kazinform Ховар НИАТ агенттігіне сілтеме жасап.

Тәжік-ауған шекарасында 4 лаңкестің көзі жойылды
Фото: НИАТ «Ховар»

Тәжікстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Шекара әскерлерінің баспасөз орталығы хабарлағандай, 2026 жылғы 18 қаңтарда сағат шамамен 00:30-да Шамсиддин Шохин ауданындағы 7-ші шекара заставасына террористік ұйымның төрт мүшесі мемлекеттік шекараны бұзып, Ауғанстанның Бадахшанвин провинциясының Дарбандак ауылынан Тәжікстан аумағына өткен.

Жедел-іздестіру шаралары барысында лаңкестердің орналасқан орны анықталды. Шекарашылардың берілу туралы талабына бағынбаған террористер қарулы қарсылық көрсеткен.

Қақтығыс кезінде 4 лаңкес залалсыздандырылды. Оқиға орнынан 3 «Калашников» автоматы, 1 шетелдік винтовка, 6 оқпан, 183 дана АК және тапаншаның патрондары, 3 ұялы телефон, 1 радиоқабылдағыш және 1 қайық тәркіленді.

Ведомство бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын, қазіргі уақытта мемлекеттік шекарадағы жағдай бақылауда екенін хабарлады. 

Еске салсақ, осыған дейін АҚШ Сомалидегі лаңкестерге бірнеше соққы жасағанын жазған едік. 

 

Соңғы жаңалықтар