Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Тәжікстан Қазақстанмен теңге мен тәжік рублі туралы келісімнің күшін жойды

АСТАНА. KAZINFORM — Тәжікстан теңге мен тәжік рублінің өзара айырбасталуы туралы Қазақстанмен жасалған келісімнің күшін жойды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Душанбедегі меншікті тілшісі. 

Тәжікстан Қазақстанмен теңге мен тәжік рублі туралы келісімнің күшін жойды
Коллаж: Kazinform / Wikipedia

2026 жылдың 30 маусымында Тәжікстан Республикасының Үкіметі «Тәжікстан Республикасының Үкіметі, Тәжікстан Ұлттық банкі және Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі арасындағы 1999 жылғы 16 желтоқсандағы тәжік рублі мен қазақстандық теңгенің айырбас бағамдарының өзара айырбасталуын және тұрақталуын қамтамасыз ету шаралары туралы келісімді жарамсыз деп тану туралы» қаулы қабылдады.

Шешім тек ресми сипатқа ие: тәжік рублі 2000 жылы сомонимен ауыстырылған кезде жойылды. Қазақстан келісімнен 2024 жылдың мамыр айында бас тартты.

Тәжік рублі тәуелсіз Тәжікстанның алғашқы ұлттық валютасы болды. Ол 1995 жылы 10 мамырда айналымға енгізілді. 2000 жылдың 30 қазанында оның орнына республиканың жаңа ұлттық валютасы, алғашқы тәжік мемлекетінің негізін қалаушы Исмаил Сомонидің есімімен аталған сомони енгізілді. 

Айта кетелік Ауғанстан тарапынан атылған оқтан Тәжікстан азаматшасы қаза тапты