19:48, 10 Қаңтар 2024 | GMT +5
Тәжікстан, Мысыр, БАӘ-ге барып келген балалардан қызылша анықталды
Тәжікстан, Мысыр, БАӘ елдеріне сапар шеккен балалардан қызылша дерті анықталды. Деректі Денсаулық сақтау министрлігі растап отыр, деп хабарлайды Kazinform.
«Қызылшамен ауруы бойынша әр жағдайда талдау жүргізіледі. 2022 жылы әлемнің 155 елінде аталған дерт тараса, ал бізде алғаш 2023 жылы көктемде тіркелді», - деді Денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулық сақтау орталығының төрағасы Манар Смағұл Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Бұған дейін өткен жылы желтоқсанда қызылшадан екі сәбидің қайтыс болғаны туралы хабарлаған едік.
Сондай-ақ, Ақтауда қызылша жұқтырған төрт бала жансақтау бөлімінде жатқанын жазған едік.