Тәжікстанда әйелдерге қатысты 3 мыңнан астам қылмыс тіркелген

АСТАНА. KAZINFORM – 2025 жылдың қорытындысы бойынша Тәжікстанда әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа байланысты шағымдар мен тіркелген қылмыстар саны артқан, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

Домашнее насилие в Таджикистане: выросло число преступлений
Фото: Тәжікстан жаңалықтары ASIA-Plus - Азия-Плюс

Есеп беру баспасөз мәслихатында Тәжікстан Республикасы Әйелдер және отбасы істері комитетінің төрағасы Бунафша Файзиддинзода ведомствоға әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық туралы барлығы 3609 шағым түскенін немесе өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 367 жағдайға көп екенін хабарлады.

- Олардың ішінде әйелдерге қатысты 3423 қылмыс тіркелді, бұл 2024 жылғы көрсеткіш салыстырғанда 177 жағдайға көп. Бұдан басқа, жас бойжеткендерге қатысты 288 қылмыс тіркелді, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 80 жағдайға көп, - деп мәлімдеді спикер.

Ол есепті кезеңде әйелдер тарапынан ерлерге қатысты зорлық-зомбылыққа қатысты шағымдар санының да өскенін атап өтті. Мұндай 590 шағым тіркелді, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 36-ға көп.

Осыған дейін Тәжікстанда 2025 жылы 5 тоннадан астам есірткі тәркіленгені туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар