Тәжікстанда Орталық Азиядағы ең ұзын көпір салынады

ДУШАНБЕ. KAZINFORM – Қытайлық Zhejiang Communications Construction Group компаниясы Тәжікстанда көпір құрылысын бастайды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі.

Тәжікстанда Орталық Азиядағы ең ұзын көпір салынады
Фото: photogoroda.com

Тәжікстанның Көлік министрі Азим Иброхим мен аталған компанияның өкілі Ли Минкун арасында өткен кездесуде тиісті келісімге қол қойылды.

Ведомствоның мәліметінше, салынатын автокөлік көпірінің ұзындығы байланыстыратын жолдарды қоса алғанда 1500 метрге жетеді.

Келісімге сәйкес, көпір халықаралық стандартқа сай салынады. Оның құрылысына 4 жыл уақыт кетеді. Жобаға 59,8 млн доллар қаражат бағыттау жоспарланған.

Еске салайық, бұған дейін Қытайда әлемдегі ең биік көпір салынып жатқанын жазып едік.

Сонымен қоса, 25 ақпанда Оңтүстік Кореяда салынып жатқан көпір опырылып, бірнеше адам қаза тапты.

Соңғы жаңалықтар