Тегеран, Вашингтон және Бейрут Ливандағы бітімгершілікті сақтау үшін бірлескен комитет құрады
АСТАНА.KAZINFORM — Бұл туралы Ислам Республикасы Парламентінің төрағасы Мохаммад Багер Галибаф Иранның мемлекеттік телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.
Тегеран, Вашингтон және Бейрут Ливандағы атысты тоқтатуды қамтамасыз ету үшін үшжақты жұмыс тобын құруды көздеп отыр. Бұл туралы Ислам Республикасы Мәжілісінің (парламентінің) төрағасы Мохаммад Багер Галибаф мәлімдеді.
— Ливанның мемлекеттік егемендігін қамтамасыз ету үшін Иран, АҚШ және Ливанның бірлескен комитеті құрылады. Біздің еліміздің елшісі де осы комитеттегі біздің өкіліміз, — деді ол Иранның мемлекеттік телеарнасына берген сұхбатында.
Вашингтон мен Тегеран бұған дейін Ливанды қоса алғанда, соғыс қимылдарын дереу тоқтатуға шақыратын өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойған болатын.
21 маусымда Швейцарияның Бюргеншток қаласында Доха мен Исламабадтың делдалдығымен меморандумды жүзеге асыру бойынша АҚШ-Иран келіссөздері өтті.