Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Тегранда Қ. Сәтбаевтың ескерткіші ашылмақ

АСТАНА. Сәуірдің 6-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Иран астанасы Тегранда қазақтың атақты ғалымы Қаныш Сәтбаевтың ескерткіші ашылатын болды,

Тегранда Қ. Сәтбаевтың ескерткіші ашылмақ
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қазақстан Теграндағы «Пардис» ақпараттық технологиялар паркінде қазақтың атақты ғалымы Қаныш Сәтбаевқа ескерткіш ашу жөніндегі ұсынысы үшін Иран тарапына ризашылығын білдіреді», делінген бүгін Ақордада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Иран Президенті Махмұд Ахмадинежадтың арасында жүргізілген келіссөздерге байланысты ҚР Президенті баспасөз қызметі таратқан баспасөз баянында. «Жақында қазақ диаспорасы тығыз қоныстанған Гүлстан уәләятының орталығы ? Горган қаласында Қазақстан Республикасының бас консулдығы ашылуы біздің халықтар арасындағы гуманитарлық байланыстардың дамуына ықпал ететін болады», делінген баспасөз баянында.