Тегранда Қазақстан-Иран үкіметаралық комиссиясының он бірінші отырысы өтті

АСТАНА. Сәуірдің 21-і. ҚазАқпарат - Сәуірдің 19-20-сы күндері Тегранда Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени өзара ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Иран үкіметаралық комиссиясының он бірінші отырысы өтті. Комиссияның қазақстандық тарабына - Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация министрі, Комиссияның қазақстандық бөлігінің тең төрағасы, делегация жетекшісі Әбілғазы Құсайынов жетекшілік етсе, ал ирандық бөлігін - Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі, Комиссияның ирандық бөлігінің тең төрағасы Манучехр Мотаки басқарды,

Тегранда  Қазақстан-Иран үкіметаралық комиссиясының он бірінші отырысы өтті

деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Отырысқа тараптардың министрлік, ведомство, мемлекеттік басқару органдары мен шарушылық субъекттердің өкілдері қатысты. Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени өзара ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Иран Үкіметаралық комиссиясының он бірінші отырысы барысында екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты әрі қарай дамыту және кеңейту мақсатында ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп пен пайдалы қазбалар, еңбек ресурстары, мұнай және телекоммуникация саласы, көлік және коммуникация, құқық, туризм, ғылыми зерттеу мен денсаулық мәселелері талқыланды.

Тараптар күн тәртібіндегі мәселелерді талқылап, екі ел арасындағы қатынастардың барлық саладағы жай-күйіне қанағаттанғандықтарын атап өтіп, Хаттамаға қол қойды. Сонымен қатар, тараптар екі мемлекет арасында сауда-экономикалық қатынастарды ширату қажет екендігін атап өтті, соның ішінде Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасының кәсіпкерлері арасындағы тікелей байланысты жасақтау үшін іскерлер тобы өкілдерінің қатысуымен бірлескен бизнес-форумдар мен конференциялар өткізу, ресми және бизнес өкілдерінің өзара сапарларды ұйымдастыруға көмек көрсету қажеттігілі айтылды.

Тараптар сауда-экономикалық қатынасты ширату жөнінде Қазақстан-Иран жұмыс тобының үшінші отырысын 2010 жылдың екінші жартысында Астана қаласында өткізуге, сонымен бірге 2011 жылы Астана қаласында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени өзара ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Иран Үкіметаралық комиссияның кезекті он екінші отырысын өткізуге келісті.