Теграндағы ЭЫҰ мүше елдер Мемлекет және Үкімет басшыларының саммитінде тараптар Қазақстан басшысының біртұтас әлемдік валюта құру туралы ұсынысын назарға алды

ТЕГРАН. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін Иран астанасы Тегранда өткен экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше елдер Мемлекет және Үкімет басшыларының 10-шы саммитінде Тегран декларациясы қабылданды.

Теграндағы ЭЫҰ  мүше елдер Мемлекет және Үкімет басшыларының саммитінде тараптар Қазақстан басшысының біртұтас әлемдік валюта құру туралы ұсынысын назарға алды
Декларацияда тараптар Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың қаржылық және экономикалық жүйелерді тұрақтандыруға арналған біртұтас әлемдік валюта құру туралы ұсынысын ризалықпен назарға қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Сондай-ақ тараптар алғашқы қадам ретінде осы мақсатта барынша тиімді, мақсатты және сенімді қаржылық құрал ретінде өздерінің екіжақты/көпжақты сауда операцияларында экономикалық ынтымақтастық ұйымна мүше елдердің валюталарын пайдалануға ұсыныс білдірді. Сондай-ақ ұйымның жұмыс тобына мәселені шешудің мақсатты механизмін мұхият зерттеуге тапсырма берді.