Темекі тұқылын жерге тастаған азамат бір күнге қамалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысы Железин ауданына қарасты Лесное ауылының тұрғыны темекі тұқылын жерге тастай салғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
None
None

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда Лесное ауылының тұрғыны Зеленая көшесінде темекі тұқылын жерге тастап, қоршаған ортаны ластаған. Железин аудандық соты оған ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 1-бабы, 434-бөліміне сай (қоршаған ортаны ластау, коммуналды қалдықтарды сыртқа тастау) әкімшілік іс қозғады. Ол бір күнге қамауға алынды. Үкім заңды күшіне енген жоқ», - деді баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, Железин ауданында тағы бір азамат осындай заңбұзушылық бойынша жауапқа тартылған. Мыңкөл ауылының тұрғыны Пушкин көшесінде кетіп бара жатып, мас күйде шу шығарып, қоршаған ортаның тыныштығын бұзған. Әйел адам өз кінәсін толық мойындады. Нәтижесінде бұл қылығы үшін 30 пайыз жеңілдікпен 15 883 теңге айыппұл төлеуге міндеттелді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар