Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Теміртауда бес қабатты үйде болған өрт салдарынан ер адам қаза болды, 4 адам қауіпсіз жерге шығарылды

АСТАНА. 20 қаңтар. ҚазАқпарат - Теміртау қаласында бес қабатты көппәтерлі үйдің үшінші қабатындағы пәтерден өрт шықты.

Теміртауда бес қабатты үйде болған өрт салдарынан ер адам қаза болды, 4 адам қауіпсіз жерге шығарылды

Жалынды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Қарағанды облысының ТЖД өрт сөндіру қызметінің 3 техникасы мен жеке құрамның 12 адамы жұмылдырылды.

Төрт адам қауіпсіз жерге шығарылды. Оқиға орнынан ер адамның мәйіті табылды.