Теміртауда жаратылыстану-математика пәндерінен Президенттік олимпиада өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылдың 2-5 желтоқсан күндері Теміртау қаласында жаратылыстану-математика пәндерінен Президенттік олимпиада өтеді.
None
None

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне және Тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралар аясында өткелі отырған білім сайысына қатысушылар Теміртауда Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен еңбек жолын бірге бастаған кеншілермен кездеседі, Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығына, Қарағанды қаласының көрікті жерлеріне саяхат жасайды, деп хабарлады «Дарын» республикалық ғ,ғылыми- практикалық орталғының баспсасөз қызметі.

Президенттік олимпиаданың негізгі идеясы - жаратылыстану-математикалық бағыттағы оқушыларымызды анықтау және қолдау, отандық жетекші жоғары оқу орындарында оқуды жалғастыру үшін дарынды оқушыларды дайындау арқылы үздіксіз білім беруді іске асыру, қазақстанның интеллектуалдық элитасына патриоттық тәрбие беру.

Мемлекет басшымыздың еңбек тәжірибесі, еңбек жолындағы идеясы нағыз патриотизмнің үлгісі болып табылады. Оқушылар арасындағы конкурсты ел Президентінің еңбек жолын бастаған жерде өткізу жас қазақстандықтарға тек қана өзінің білімі мен қабілетін көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар орасан экономикалық әлеуетті қамтыған Қарағанды облысының бай ресурстарымен де танысуға мүмкіндік туғызады.

Бірінші кезеңге барлығы 2439 оқушы қатысты, олимпиаданың түйінді кезеңіне республикамыздың барлық аймақтарынан 173 оқушы қатысады.

ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес Президенттік олимпиаданың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің I, II және III дәрежелі дипломдарымен марапатталған жеңімпаздар мен жүлдегерлер республикамыздың жоғары оқу орындарына білім беру гранттарын тағайындауда басым құқықты иеленеді.

Президенттік олимпиаданың салтанатты ашылуы мен жабылу салтанаты және жеңімпаздарды марапаттау Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің конференц-залында өтеді.

Соңғы жаңалықтар