Темірлан Анарбеков UEFA Чемпиондар лигасында керемет көрсеткішке қол жеткізді

АСТАНА. KAZINFORM - Алматылық «Қайрат» командасының қақпашысы Темірлан Анарбеков UEFA Чемпиондар лигасындағы үздік ойынын жалғастырып, спорт мамандарының жоғары бағасын алды. 

Темірлан Анарбеков UEFA Чемпиондар лигасында тамаша көрсеткішке қол жеткізді
Фото: ФК "Кайрат"

Астанада өткен «Қайрат» пен «Олимпиакос» командалары арасындағы кездесуде ол UEFA тарапынан белгіленген кездесудің үздік ойыншысы (MVP) атағына ие болды. Қақпашының шеберлігі 9,2 баллға бағаланды. Кездесу барысында Темірлан 8 сейв жасады.

Айта кетсек, Темірлан Анарбеков — еліміздің атынан Чемпиондар лигасының үздік ойыншысына берілетін MVP атағын жеңіп алған алғашқы футболшы.

Кездесу барысында қазақстандық қақпашы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде 26 сейв жасады. Ол бұл көрсеткіш бойынша Никита Хайкин («Буда-Глимт», 31 сейв) және Джеронимо Рульиден («Марсель», 29 сейв) кейінгі орында тұр. Грекиялық командамен ойыннан кейін Темірлан «Реал Мадрид» қақпашысы Тибо Куртуаны (22 сейв) және «Бавария» қақпашысы Мануэль Нойерді (19 сейв) артта қалдырды.

Сондай-ақ UEFA тарапынан қазақстандық қақпашының екі сейві үздік деп бағаланды. Атап айтар болсақ, Чемпиондар лигасының алғашқы күнінде өткен 9 кездесуде үздік саналған 8 сейвтің қатарына енді. 

UEFA Анарбековтен өзге бұл тізімге «Спортинг» сапынан Руи Силва, «Славия» қақпашысы Йиндржих Станек, «Марсель» құрамынан Херонимо Рульидің сейвтерін енгізді.

Еске салсақ, «Қайрат» командасы UEFA Чемпиондар лигасының алтыншы турында «Олимпиакосқа» 0:1 есебімен есе жіберді.

Соңғы жаңалықтар