22:13, 14 Шілде 2017 | GMT +5
Теңіз кенішіндегі газдың атылуынан келген зиян мөлшері анықталды
АТЫРАУ.ҚазАқпарат - Ағымдағы жылғы 30 мамырда Теңіз кенішінде болған газдың атылуынан экологияға келген зиян мөлшері белгіілі болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат ХАА меншікті тілшісі.

«Теңіз кенішіндегі газдың атылуының себеп-салдары мен зиянын тексерген арнайы комиссия өз жұмысын аяқтады. Экологияға тигізген зиян мөлшері 76,9 млн теңге көлемінде айқындалды. Сондай-ақ, «Тенгизшевройл» ЖШС компаниясы 169 млн теңге айыппұл төлейтін болады.
Облыстық экология департаменті мамандардың қорытындысын «Тенгизшевройлға» жіберді. Заң бойынша компания бір айдың ішінде келтірілген зиян мен айыппұл сомасын төлеуі тиіс», - деп хабарлады Атырау облысы бас экологиялық инспекторы Қанат Қалмахан.