«Теңізшевройл» ЖШС-і Құлсары қаласындағы ауыз су бағдарламасына 45 млн. АҚШ долларын бөлмек - компания директоры

АСТАНА. Қыркүйектің 24-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ -  Осы уақытқа дейін «Теңізшевройл» ЖШС-і Қазақстандағы әлеуметтік бағдарламаларға 550 млн. доллар бөлді.

«Теңізшевройл» ЖШС-і Құлсары қаласындағы ауыз су бағдарламасына 45 млн. АҚШ долларын бөлмек - компания директоры

Бұл туралы бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан IV Еуразиялық энергетикалық форумының екінші секциялық отырысы барысында «Алтын Прометей» сыйлығының иегері - «Теңізшевройл» ЖШС-нің бас директоры Тодд Леви мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның сөзіне қарағанда, аталған қаржының 125 млн. доллары өңірлердегі мектептер мен ауруханаларды жөндеуге жіберілген. Сондай-ақ осы уақытқа дейін компания 400 млн. доллар көлеміндегі қаржыны қоршаған ортаны қорғау іс-шараларына бөлді. Жалпы, елімізде қызмет еткен 16 жылдың ішінде «Теңізшевройл» ЖШС-нің Қазақстанға салған қаржылық ресурстары 34 млрд. долларды құрады. «Алдағы уақытта біз Құлсары қаласындағы ауыз су бағдарламасына 45 млн. долларды бөлуді жоспарлап отырмыз», - дейді компания басшысы Т.Леви.