Теннистен Даниямен ойнайтын Қазақстан құрамасы анықталды

АСТАНА. KAZINFORM — Теннистен Қазақстан құрамасы 14-15 қыркүйекте елордада Дэвис кубогының бірінші Әлемдік тобында Даниямен матч өткізеді.

теннист
Фото: ҚТФ

Юрий Щукин бастаған бапкерлік штаб аталған кездесуде ел намысын қорғайтын ойыншыларды жария етті. 

Қазақстан сапында Александр Бублик, Александр Шевченко, Бейбіт Жұқаев, Тимофей Скатов және Александр Недовесов сынға түседі.

Дания құрамасының капитаны Фредрик Нильсен мына теннисшілерге сенім артты: Аугуст Хольмгрен, Йоханнес Ингилдсен, Эльмер Меллер, Филипп Херт және Кристиан Сигсгаард.

Дания құрамында әлемнің 15-ракеткасы Хольгер Руне жоқ. 

Ойындар Астанадағы Beeline Arena орталығында хард төсенішіндегі корттарда болады. 
Дэвис кубогының іріктеу матчтары үш сеттік форматта төрт жекелей және бір жұптық кездесуден тұрады.

Қазақстан – Дания кездесуінің жеңімпазы 2025 жылы ақпанда өтетін командалық әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне жолдама алады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның жұптық сында АҚШ чемпионатының ширек финалына жолдама алғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Әмір Омарханов жұптық сындағы жарысты сәтті бастады.


Соңғы жаңалықтар