US Open: Анна Данилина жұптық сында ширек финалға жолдама алды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 48-ракеткасы Анна Данилина АҚШ ашық чемпионатының ширек финалына шықты.

Анна Данилина Мексикадағы жарыстың ширек финалына жолдама алдды
Фото: Sports.kz

Қазақстандық теннисші ресейлік Ирина Хромачевамен бірге үшінші айналымда ұлыбританиялық Оливия Николс – словакиялық Тереза Михаликованың мысын басты.

Данилина – Хромачева 6:4, 6:4 есебімен басым түсті. Бір сағат 25 минутқа созылған матчта екеуі 2 эйспен бірге 6 брейк-пойнттың тең жартысын құр жібермеді. Николс – Михаликова 2 эйс, 1 брейкпен (5 брейк-пойнт) шектелді.

Анна Данилина – Ирина Хромачева жартылай финалға шығу үшін украиналық Людмила Киченок – латвиялық Елена Остапенкомен таласады.

А.Данилина финляндиялық Харри Хелиоваарамен бірге аралас сында жартылай финалға өте алмады. Олар америкалықтар Тэйлор Таунсенд – Дональд Янгқа жол берді – 7:6 (7:3), 3:6, 8:10. Бұл бәсеке сағат жарымнан астам уақытқа созылды.

Осылайша, Данилина – Хелиоваара өткен жылғы нәтижесін қайталай алмады. Олар 2023 жылы чемпион атанған еді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын АҚШ ашық чемпионатында Анна Данилинаның аралас сында ширек финалға шыққанын жазған болатынбыз.

Соня Жиенбаева жасөспірімдер арасында келесі айналымға өтті.

 

Соңғы жаңалықтар