Теңіз кенішінде жұмыс істеген 30-ға жуық шетелдік елден шығарылды

АТЫРАУ. KAZINFORM — Жылыой ауданының Теңіз қалашығында шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болу заңдылығын тексеру мақсатында көші-қон қызметі кешенді іс-шаралар жүргізді.

Көліктегі полиция
Фото: Polisia.kz

Нәтижесінде 27 шетел азаматы Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды.

Атырау облыстық ПД мәліметінше, оларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабының 5-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылып, материалдар Жылыой аудандық сотына жолданған.

— Көші-қон заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында шетел азаматтары мен оларды қабылдаушы тұлғалар арасында түсіндіру-профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Оларға елімізде болу талаптары мен мерзімдерін сақтау қажеттілігі түсіндіріліп, заң бұзушылықтардың алдын алу бағытында тиісті шаралар қабылданып жатыр, — деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Жамбыл облысында заңсыз көші-қон арнасы анықталғанын жазған едік.