Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Терроризмді насихаттаған ақтөбелік 8 жылға бас бостандығынан айырылды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Прокуратура Асылбек Нысановтың кінәсін мойындап, процестік келісімге келу туралы өтінішін қанағаттандырмады. Сотталушы терроризмді насихаттағаны үшін 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

сот, үкім
Фото: freepik

Ақтөбе қалалық сотында Қылмыстық кодекстің «Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру» бабы бойынша іс қаралды.

Сотталушы Асылбек Нысанов Сауд Арабиясына көшіп кетіп, кейін сол жақта бірнеше адамға терроризмді насихаттайтын жазбалар жіберген. Ол кінәсін толық мойындап, әлеуметтік желі арқылы дайын мәтінді ғана бөліскенін айтты.

Сотта процестік келісім туралы өтінішхат жолдады.

— Асылбек Нысанов ҚР Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігімен құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. Оған 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жаза өтеу орны қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесі деп белгіленсін. Сот Нысановтың кінәсі іс материалдарымен толық дәлелін тапты деп есептейді, — деді судья.

Еске салсақ, сотталушы Сауд Арабиясынан биыл ғана елге экстрадицияланды. Ал қылмыстық істің қозғалғанына 7 жылға жуық уақыт болды.