Терроризмді насихаттаған семейлік 7 жылға бас бостандығынан айырылды

АСТАНА. KAZINFORM — Семей қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында онлайн-платформаларды пайдаланып терроризмді насихаттады деп айыпталған қала тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды.

Алматы прокуратурасы «Orda» сайтының бас редакторына ескерту жасады
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

Қазақстанда «Ислам мемлекеті» халықаралық террористік ұйымының қызметі террористік деп танылып, оған тыйым салынған.

Тергеу материалдарына сәйкес, 2024 жылдың шілде айынан 2025 жылдың сәуіріне дейін айыпталушы TikTok әлеуметтік желісіндегі анонимді аккаунттар арқылы, сондай-ақ азаматтармен жеке әңгімелер барысында террористік сипаттағы материалдарды таратқан.

Аталған материалдар зорлық-зомбылық идеологиясын қамтып, террористік қызметті ақтаған.

- Сот үкімімен ол ҚР Қылмыстық кодексінің 256-бабының 2-бөлігі (терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру) бойынша кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді, - делінген ақпаратта.

Абай облысының прокуратурасы интернет желісінде террористік және экстремистік мазмұндағы материалдарды таратуға, репост жасауға, сондай-ақ сақтауға қылмыстық жауаптылық көзделгенін еске салып, осындай фактілер туралы құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады.

Айта кетейік, бұған дейін Бас прокуратура терроризмді насихаттау мен жалған хабарламаларға қатысты ескерту жасады.

Соңғы жаңалықтар