Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Тибет музейіндегі қошқармүйіз: қазақ пен тибетті жақындастыратын қандай ұқсастық бар

ҚЫТАЙ. ГАНЬНАНЬ-ТИБЕТ. KAZINFORM — Тибет үстіртіне алғаш барған қазақстандықтардың көбі тосын сезімге бөленеді. Бір қарағанда бәрі бөтен секілді: будда ғибадатханалары, дұға барабандары, мантра жазылған түрлі-түсті жалаушалар… 

Тибет музейіндегі қошқармүйіз: қазақ пен тибетті жақындастыратын қандай ұқсастық бар
Фото: Kazinform

Алайда ғибадатханадан шығып, жергілікті халықпен тілдесе бастағанда, қазақ тіршілігімен үндесетін таңғаларлық ұқсастықтар байқалады.

Тибет музейіндегі қошқармүйіз: қазақ пен тибетті жақындастыратын қандай ұқсастық бар
Фото: Kazinform

Мәселен, Қытайдың Ганьнань-Тибет автономиялық облысында орналасқан Танка өнері музейінде қазаққа етене таныс қошқармүйізге ұқсас өрнек тұр. Әлбетте бұл қошқармүйіз оюының дәл өзі емес. Дегенмен сыртқы пішінінің ұқсастығы көшпелі өркениеттердің көркемдік танымында ортақ тұстар болғанын аңғартады.

Танка — тибет буддизміндегі қасиетті кескіндеме өнері. Ол діни тәлім беру, медитация және құлшылық кезінде пайдаланылады. Онда Будда, қасиетті нышандар мен маңызды оқиғалар бейнеленеді. Әр сурет ғасырлар бойы қалыптасқан қатаң тәртіппен салынады. Танкалар көбіне мақта немесе жібек матаға табиғи минералды бояулармен салынады және алтын ұнтағымен әрленеді. Дайын туынды жібекпен көмкеріліп, шиыршықтап оралады. Мұндай тәсіл танканы ұзақ сақтауға әрі қажет кезде оңай алып жүруге мүмкіндік береді.

Тибет музейіндегі қошқармүйіз: қазақ пен тибетті жақындастыратын қандай ұқсастық бар
Фото: Kazinform

Бүгінде танка өнерінің ірі орталықтарының бірі — Ганьсу провинциясындағы Лабранг монастыры мен Сяхэ ауданындағы Танка өнері қалашығы. Мұнда ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүр сақталып, тәжірибелі шеберлер жастарға танка салудың қыр-сырын үйретіп келеді. Шәкірттер бірнеше жыл бойы қасиетті бейнелердің орналасу тәртібін, дене пропорциясын, түстердің мәнін және сурет салудың дәстүрлі әдістерін үйренеді. 2006 жылы танка өнері Қытайдың материалдық емес мәдени мұрасының ұлттық тізіміне енгізілді. Бүгінде бұл өнер тибет халқының рухани мұрасын танытатын ең құнды мәдени қазыналардың бірі саналады.

Тибет музейіндегі қошқармүйіз: қазақ пен тибетті жақындастыратын қандай ұқсастық бар
Фото: Kazinform

Қошқармүйіз — қазақ ою-өрнегіндегі ең көне әрі кең тараған зооморфтық өрнектердің бірі. Ол күш-қуаттың, береке-бірліктің, өсіп-өркендеудің нышаны саналады. Зерттеушілер бұл бейненің тарихын сақтар мен скифтер дәуіріне дейін апарады. Сол кезеңде қошқармүйізге ұқсас белгілер «фарн» ұғымымен байланыстырылған. Ежелгі түсінік бойынша, фарн — адамға бақ-береке мен өмірлік қуат дарытатын, Тәңірдің жарылқауын білдіретін киелі күш.

Ал Тибетте осыған ұқсас сәндік элемент габэн деп аталады. Ол буддизмдегі сегіз қасиетті нышанның бірі — жеңіс туының құрамдас бөлігі. Габэн кедергілерді жеңуді, берекенің артуын және адамды рухани тұрғыдан қорғауды білдіреді. Габэн қос қабат қызыл және сары паршадан тігіледі. Сары түс — жердің, игі амалдардың жемісі мен Будда ілімінің, ал қызыл түс — мейірім мен қорғанды меңзейді. Төменгі бөлігіндегі түрлі түсті жолақтар табиғаттың бес бастауын бейнелеп, дұға-тілектің көкке таза күйінде жетуін меңзейді.

Тибет музейіндегі қошқармүйіз: қазақ пен тибетті жақындастыратын қандай ұқсастық бар
Фото: Kazinform

— Өрнегіміздің ұқсас болуы барша адамзат баласының рухани байланысын білдірсе керек. Габэн кез келген жерге ілінбейді. Ол көбіне танканың немесе Будда мүсінінің екі жағына орналастырылады. Бұл ғибадатханадағы салтанатты айшықтап қана қоймай, кеңістікті тазартып, төрт тараптан игілік пен құт-береке келсін деген ізгі ниетті білдіреді, — дейді «Тибет танкасы» материалдық емес мәдени мұрасының жетекші мұрагері Цзяоба Цзябу.

Тибет музейіндегі қошқармүйіз: қазақ пен тибетті жақындастыратын қандай ұқсастық бар
Фото: Kazinform
Тибет музейіндегі қошқармүйіз: қазақ пен тибетті жақындастыратын қандай ұқсастық бар
Фото: Kazinform
Тибет музейіндегі қошқармүйіз: қазақ пен тибетті жақындастыратын қандай ұқсастық бар
Фото: Kazinform

Қазақтар мен тибеттіктердің тілі мен діні бөлек болғанымен, тұрмысында ортақ белгілер аз емес. Екі халық та — табиғатпен етене өмір сүрген, мал шаруашылығымен айналысқан көшпелі мәдениеттің өкілдері. Қазақ үшін жылқы, қой мен түйе қастерлі болса, тибеттіктер үшін сарлық та дәл сондай маңызға ие. Қазақ дастарқанын қымызсыз, шұбатсыз, айрансыз немесе құртсыз елестету қиын. Ал тибеттіктер сарлық сүтінен ірімшік, май, йогурт әзірлеп, сары май мен тұз қосылған шәй ішеді. Биік тауда өмір сүретін жұрт үшін бұл — бойға қуат беріп, жылу сақтайтын сусын.

Тибет музейіндегі қошқармүйіз: қазақ пен тибетті жақындастыратын қандай ұқсастық бар
Фото: Kazinform
Тибет музейіндегі қошқармүйіз: қазақ пен тибетті жақындастыратын қандай ұқсастық бар
Фото: Kazinform
Тибет музейіндегі қошқармүйіз: қазақ пен тибетті жақындастыратын қандай ұқсастық бар
Фото: Kazinform

Тибеттік көшпелілер де маусымдық жайлауға көшіп, сарлық жүнінен тоқылған көшпелі шатырларды пайдаланады. Қонақты құрметпен қарсы алу, үлкенді сыйлау, табиғатпен үйлесімде өмір сүру сияқты құндылықтар да екі халыққа ортақ. Әрине, басты айырмашылық — діни дүниетанымында. Қазақ халқының басым бөлігі ислам дінін ұстанса, тибет мәдениетінің рухани негізін буддизм құрайды. Соған қарамастан, Тибет өңірлеріне сапар шеккен қазақстандықтар бұл өлкеден өздеріне етене жақын тұрмыс пен дәстүрдің белгілерін байқай алады.

Тибет музейіндегі қошқармүйіз: қазақ пен тибетті жақындастыратын қандай ұқсастық бар
Фото: Kazinform
Тибет музейіндегі қошқармүйіз: қазақ пен тибетті жақындастыратын қандай ұқсастық бар
Фото: Kazinform
Тибет музейіндегі қошқармүйіз: қазақ пен тибетті жақындастыратын қандай ұқсастық бар
Фото: Kazinform
Тибет музейіндегі қошқармүйіз: қазақ пен тибетті жақындастыратын қандай ұқсастық бар
Фото: Kazinform

Айта кетейік, Қазақстан мен Қытай гуманитарлық және туристік ынтымақтастықты нығайтып келеді. Бұған дейін Kazinform тілшісі Ганьнань-Тибет автономиялық округінің туристік әлеуетіне шолу ұсынған еді.

Тибет музейіндегі қошқармүйіз: қазақ пен тибетті жақындастыратын қандай ұқсастық бар
Фото: Kazinform
Тибет музейіндегі қошқармүйіз: қазақ пен тибетті жақындастыратын қандай ұқсастық бар
Фото: Kazinform
Тибет музейіндегі қошқармүйіз: қазақ пен тибетті жақындастыратын қандай ұқсастық бар
Фото: Kazinform
Тибет музейіндегі қошқармүйіз: қазақ пен тибетті жақындастыратын қандай ұқсастық бар
Фото: Kazinform
Тибет музейіндегі қошқармүйіз: қазақ пен тибетті жақындастыратын қандай ұқсастық бар
Фото: Kazinform

Сондай-ақ, Қытайда өндірілетін сарлық сүті өнімдері Қазақстан нарығына шығуы мүмкін.