Тікелей шетел инвестициялары мен технологияларын тарту мақсатында мемлекеттік органдардың тығыз ықпалдастығы қажет

; АСТАНА. 25 сәуір. ҚазАқпарат. Бүгін Сыртқы істер министрлігінде ҚР Премьер-министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевтің төрағалығымен және ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыхановтың қатысуымен Қазақстанға инвестиция тарту және инвестициялық жағдайды жақсарту мәселесі бойынша отырыс өтті,
None
None

деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.

Аталған кездесуді өткізу туралы бастама ҚР Президенті Н. Назарбаевтың жақында Үкімет мүшелері, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, «Нұр Отан» ХДП және «Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ қатысуымен өткен кеңейтілген отырыс барысында берген тапсырмасын орындау мақсатында көтерілген болатын. Осы кеңейтілген отырыста Елбасы шетел инвестициясы мен инновациясын елімізге тарту ұлттық экономикамыздың дамуын қамтамасыз етудегі басты міндеттердің бірі ретінде айқындап берді.

Отырыс барысында Ә.Исекешев ҚР инвестициялық саясатының негізгі сипаттарымен таныстырды. Сонымен қатар, Премьер-министрдің орынбасары инвестициялық ахуалды жақсарту жөнінде Қазақстан Үкіметі қабылдап отырған негізгі шаралар туралы баяндады.

«Өздеріңізге белгілі болатындай, Қазақстан алдында еліміздің әрі қарай дамуында елеулі қадам жасауға мүмкіндік беретін үдемелі индустриялизациялау жөнінде кең ауқымды міндеттер тұр»,- деп атап өтті Ә.Исекешев. Дегенмен, тікелей шетел инвестициялары еліміздің үдемелі индустриялды-инновациялық дамуының маңызды бөлігіне айналуы тиіс.

Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы артып отырғанына қарамастан, өз кезегінде тек экономиканың шикізат секторына ғана емес, сонымен қатар өткізу нарығы мен жоғары технологияларға да бағытталған инвесторларға тартымды жағдай жасау қажеттілігі туындап отыр.

Ә.Исекешевтің пікірінше, қойылған тапсырмаларға қол жеткізу үшін Кедендік одақ мүмкіндіктерін қолдану, инвестициялық заңнамаға тиісті өзгертулер енгізу, инновациялық инфрақұрылым құру және т.б. қажет.

Өз кезегінде ҚР Сртқы істер министрі Е.Қазыханов отырыс мүшелері алдында сөйлеген сөзінде ҚР СІМ 20 жылға тарта уақыт шетел инвестицияларын, жаңа технологияларын тарту, экспортты ынталандыру, сонымен қоса ҚР инвестициялық имиджін көтеру жөнінде атқарып келе жатқан белсенді жұмысын атап өтті.

Өз министрлігінің қойылған міндеттерді атқаруға барынша ықпал жасауға дайын екенін атай отырып, Е.Қазыханов бұл мақсатқа қол жеткізу үшін ел ішіндегі тығыз ықпалдастық қажет ерекше атап өтіп, осы орайда ортақ жұмыстың тиімділігін арттыратын және шетел инвестицияларын тартуға ықпал жасайтын бірлескен жоспар жасап шығару қажеттігін айтты.

Сондай-ақ, кездесу шеңберінде қатысушылар ҚР инвестициялық саясатын дамыту жөнінде барлық мүдделі тараптардың тиімді ынтымақтасуын қамтамасыз етуге бағытталған мекемеаралық жұмыс тобын құру мәселесін талқыға салды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум