TikTok әзірлеушісі ZTE смартфондарында ЖИ дыбыстық көмекшісін іске қосты

АСТАНА.KAZINFORM - Қытайлық ByteDance технологиялық компаниясы ZTE смартфонында өзінің алғашқы ЖИ дыбыстық көмекшісін таныстырды, деп хабарлайды  SCMP.

TikTok
Фото: Agenzia Nova

Инженерлік прототип ретінде ұсынылған және тек онлайн тапсырыс беруге қолжетімді Nubia M153 кіріктірілген Doubao Mobile Assistant операциялық жүйесінің арқасында көпшіліктің қызығушылығын тудырды.

Көмекші жасанды интеллект мазмұн іздеу, мейрамханаларға орын брондау және суреттерді өңдеу сияқты күнделікті тапсырмаларды дауыстық командамен орындайды.

Смартфон сатылымның алғашқы күнінде 3 499 юаньға (494 АҚШ доллары) сатылып кетті. Пайдаланушылар ұялы телефондарды пайдалану тәсілін өзгерте алатын құрылғыны сынап көруге құштар.

Жоба смартфондар нарығында маңызды оқиғаға айналды. Себебі қызығушылықтың негізгі қозғаушы күші модельдің аппараттық құралы емес, бағдарламалық жасақтама мүмкіндіктері болды.

ZTE-мен серіктестікте Doubao Mobile Assistant-тың іске қосылуы ByteDance компаниясының смартфондардағы жасанды интеллект нарығы бәсекелестіктің артуы аясында мобильді индустриядағы қатысуын кеңейтуге бағытталған соңғы қадамы болып саналады.

Біз бұған дейін Deepseek компаниясының максималды тиімділігі бар жаңа жасанды интеллект модельдерін ұсынғанын хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар