TikTok-та балағат сөз айтқан Тараз тұрғыны 5 тәулікке қамалды
АСТАНА. KAZINFORM – Тараз тұрғыны TikTok желісіндегі тікелей эфир кезінде балағат сөздер айтып, әдепсіз әрекет көрсеткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігі.
Полиция қызметкерлері әлеуметтік желідегі тікелей эфирге назар аударып, тексеру жүргізген.
– Полиция қызметкерлері «Тау адам» деген атпен тіркелген аккаунттың Тараз қаласының тұрғыны Абзал Салиховқа тиесілі екенін анықтады, – делінген ІІМ хабарламасында.
Тараз қаласы сотының шешімімен ол 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Айта кетейік, бұған дейін Абай облысында TikTok эфирінде балағат сөз айтқан бойжеткен қамауға алынған болатын.