Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

TikТok-тағы тікелей эфирде бейәдеп сөз айтқан қызылордалық бойжеткен жазаланды

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – Қызылорда облыстық Полиция департаменті әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізді.

ы
Фото: Қызылорда облыстық Полиция департаменті

TikТok-тағы тікелей эфирде бейәдеп сөз айтқан қызылордалық бойжеткен жазаланды

Мониторинг барысында TikТok желісіндегі тікелей эфир кезінде әлеуметтік желі қолданушыларының бірі бірнеше мәрте бейәдеп сөздер айтып, қоғамдық тәртіп пен әдеп нормаларын бұзғанын анықтады.

- Тексеру нәтижесінде құқық бұзушы Қызылорда қаласының 25 жастағы тұрғыны Айғаным Артықбек екені белгілі болды. Сот шешімімен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды. Полиция интернет кеңістігіндегі құқықбұзушылықтарды анықтау жұмысы тұрақты түрде жүргізілетінін еске салады, - делінген хабарламада.

Заң талаптарын бұзғаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік көзделген.

Бұған дейін Абай облысында TikTok әлеуметтік желісінде тікелей эфир кезінде балағат сөз айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған бойжеткен әкімшілік жауапкершілікке тартылған еді.