Тілшілерге зардап шеккен баланың суретін жариялауға тыйым салынады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі ведомствоаралық комиссия қарауына БАҚ қызметі мәселелері бойынша заң жобасы тұжырымдамасын енгізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Тұжырымдама нормаларының бірі балалардың суреттері мен жеке мәліметтерін қорғауға арналған.

«Біз кез келген жайтты айтып отырған жоқпыз. Балалар өте қиын жайтқа душар болатын аса күрделі сәттер бар. Біз аталған балаларға қатысты әдеп болуы қажет деп санаймыз. Өйткені, олар енді есейіп келе жатыр. Біз сіздерді осы әдеп нормаларын сақтауға шақырамыз. Бұл тек зардап шеккен балаларға ғана қатысты», - деді ҚР Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Алан Әжібаев БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Сонымен қатар ол бұл тек заң жобасының тұжырымдамасы екендігін және оған БАҚ өкілдері өз ұсыныстарын бере алатындығын, құжат нормативтік-құқықтық актілер порталында кез келген азамат үшін талқылау ашық екендігін  атап өтті.

Осы орайда журналистер жарияланатын ақпараттың нақтылығын тексеруге қатысты норманың қалай жұмыс істейтіндігіне қызығушылық танытып, ресми қызметтерден ақпарат алу ұзақ уақытқа созылатындығын, ал бұл жедел жаңалықты жедел беруге кедергі жасайтындығын айтты. Сонымен қатар олар БАҚ-та аты-жөнін құпия ұстауға кепілдік беретін инсайдерлік ақпарат көздерімен жұмыс қалай реттелетіндігін де сұрады.

«Қазіргі уақытта жалған ақпар көп. Өкінішке орай, әлем барынша күрделі. Сондықтан біз журналистер бастапқы дереккөзін іздеуі қажет деп санаймыз. Баспасөз хатшылары мен баспасөз қызметтері  бұлар ең бесты дереккөздері», - деді Әжібаев.

Соңғы жаңалықтар