Тиімді пайызбен кредит алып берем деген 2 адам сотталды

АСТАНА. KAZINFORM – Ақтөбе облысында «World Business Consulting» қаржы пирамидасына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агентті.

Қаржы пирамидасы
Фото: pixabay.com

«World Business Consulting» қаржы пирамидасы Қазақстанда ресми тіркелген халықаралық инвестициялық компания өкілдері ретінде тансытырып, Ақтөбеде презентациялар өткізген. Жиындарда күдіктілер қаржылық инвестициялар, тиімді пайызбен несие рәсімдеу, әлемнің кез-келген жерінен пәтер және жаңа көлік сатып алу жайлы ақпараттармен азаматтарды қызықтырған. Осы арқылы олар жаңа салымшыларды тартып, оларға ай сайын ақша салып одан сыйақы алатынына сендірген», - делінген агенттік хабарламасында.

Күдіктілердің заңсыз әрекетінен 60 млн теңгеге жуық шығын келген.

Сот үкімімен екі азамат кінәлі деп танылып, бес жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Жәбірленушілерге келтірілген залал толық көлемде өтелді.

Айта кетсек, жыл басынан бері ҚМА қаржы пирамидаларын құру және басқару фактілері бойынша 62 қылмыстық іс аяқталды, олардың ұйымдастырушылары 20 млрд теңгеге жуық шығын келтірді. Бүгінгі таңда 13 млрд теңгеден астам қаражат өтелді. Сонымен қатар қаржы пирамидаларының белгілері бар 10,7 мың сайт пен сілтеме бұғаттауға жолданды.

Соңғы жаңалықтар