Тимофей Скатов Чехиядағы жарыстың жартылай финалына жолдама алды
АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық, әлемнің 271-ракеткасы Тимофей Скатов Острава (Чехия) челленджер турнирінің жартылай финалына жолдама алды.

Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 225-ракеткасы, Чехия өкілі Зденек Колармен ойнауы тиіс еді.
Алайда чехиялық спортшы жарақатына байланысты матчқа шыға алмады.
Осылайша, ойнамастан жартылай финалға шыққан Тимофей Скатов сенбі күні дүниежүзілік рейтингіде 235-орында тұрған германиялық Генри Сквайермен сынға түседі.
Қазіргі кезде Т.Скатов ATP Live рейтингісінде 256-сатыға көтеріліп тұр.
Тағы бір қазақстандық, әлемнің 184-ракеткасы Денис Евсеев Шэньчжэнь (Қытай) челленджер додасының жартылай финалынан тыс қалды. Ол ширек финалда 1 сағат 48 минутқа созылған тартысты матчта рейтингіде 223-сатыдағы эстониялық Марк Лаялға жол берді - 5:7, 6:7 (4:7).
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның Португалиядағы жарыстың жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Елена Рыбакина Мадрид мастерс турнирінің үшінші айналымына шықты.