Тимофей Скатов Үндістандағы жарыстың финалына шығу үшін таласады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші, әлемнің 235-ракеткасы Тимофей Скатов Бангалор (Үндістан) челленджер турнирінің жартылай финалына өтті. 

Тимофей Скатов
Фото: ktf.kz

Жарыстың 6-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші ширек финалда дүниежүзілік рейтингіде 441-орында тұрған чехиялық Йонас Форейтекпен жолықты.

Бірінші партияда Скатов 6:4 есебімен басымдылық танытты. Екінші сетте қарқынын үдете түсті — 6:2.

Сағат жарымға жуық уақытқа созылған бәсекеде Т.Скатов 1 эйспен бірге 4 брейк-пойнттың үшеуін өз есебіне жазды. Форейтек 3 эйс жасағанымен, 5 брейк-пойнттан ештеңе шығара алмады.

Тимофей Скатов финалға шығу үшін әлемнің 167-ракеткасы, франциялық Гарольд Майомен таласады. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның жылдың алғашқы турнирінің ширек финалына шыққанын жазған едік

Сондай-ақ Елена Рыбакина екі жыл бұрынғы үздік жетістігін қайталады.

Александр Бублик Гонконг турнирінің ширек финалына жолдама алды.

Соңғы жаңалықтар