Тимур Елеусізов «Жасыл-Алматы» басшысы болып тағайындалды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Тимур Елеусізов «Жасыл-Алматы» («Зеленстройдың» заманауи баламасы) коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы болып тағайындалды. 

Тимур Елеусізов «Жасыл-Алматы» басшысы болып тағайындалды
Фото: Алматы әкімдігі

Бұл мекеме қала аумағындағы саябақтарды, скверлерді және жағалауларды күтіп ұстау мен қызмет көрсетумен айналысады. Бұл туралы қаланың қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының өкілдері айтты.

— Жаңа құрылымның негізгі міндеті — жасыл аумақтарға жүйелі күтім жасау, тәртіп орнату, сондай-ақ оларды күтіп ұстау бойынша жауапкершілікті нақты бөле отырып, тәжірибелік нәтижеге бағытталған бірыңғай тәсілді қалыптастыру, — делінген хабарламада.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, «Жасыл-Алматы» КММ-ні құру туралы шешім қаладағы жасыл қорды басқару саласында жинақталған мәселелерді, бірыңғай оператордың болмауын және жасыл желектерге күтім жасаудағы бытыраңқы тәсілді ескере отырып қабылданды.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда экологиялық шектеулері бар аймақ белгіленгенін жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар