Тимур Құлыбаев бизнес-элита өкілдеріне мемлекеттік марапаттарды тапсырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев Тәуелсіздік күніне орай еліміздегі бизнес-элита өкілдеріне мемлекеттік марапаттарды табыс етті. Бұл туралы палатаның баспасөз қызметінен хабарланды.

Тимур Құлыбаев бизнес-элита өкілдеріне мемлекеттік марапаттарды тапсырды

Атап айтқанда, Тәуелсіздік күні қарсаңында «KAZENERGY» Қауымдастығы төрағасының кеңесшісі Данияр Әбілғазин, «KAZLOGISTICS» Қазақстан Көлікшілері Одағы Төралқасы төрағасының орынбасары Юрий Лавриненко және «KAZENERGY» Қазақстандық мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігі Төрағасының орынбасары Жамболат Сәрсенов «Парасат» орденімен марапатталды.

Бұдан бөлек, «KAZENERGY» Қауымдастығының 10 жылдығы құрметіне «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев ҚР мұнай-газ саласын дамытудағы кәсіби еңбегі үшін мерейтойлық медальмен марапатталды. Ал «Алматы желдеткіш зауыты» ЖШС Директорлар кеңесінің төрағасы Марат Баққұлов белсенді инновациялық қызметі үшін «Ерен еңбегi үшiн» медаліне лайық болды. Қазақстанның Сауда кәсіпорындары қауымдастығы президенті Нұрсадық Әбішев, «Нәтиже» компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасы Ерлан Әшім (Қарағанды облысы) және «Та-Мак» ЖШС директоры Гүлмира Қоңқашева (Жамбыл облысы) құрмет грамотасына ие болды.

Сонымен қатар Ұлттық кәсіпкерлер палатасы тағайындаған медальдар да тапсырылды. Атап айтқанда, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Тау-кен және металлургия өнеркәсібі комитетінің төрағасы Николай Радостовец тау-кен металлургия саласы кәсіпорындарының мүддесін өркендету жөніндегі көп жылдық қызметі үшін «Атамекен» ұлттық палатасының 1 дәрежелі медаліне лайық болды. Палатаның Тексеру комиссиясының төрағасы Нұрлан Құдайбергенов, ҰКП Аппаратының басшысы Елдос Рамазанов, «Атамекен» ҚР ҰКП Өңдеу өнеркәсібі комитеті Хатшылығының хатшысы Нұрлан Сақуов, Кедендік әкімшілік ету департаментінің 1 санатты сарапшысы Нұргүл Жанарбаева, Қызметкерлерді басқару департаменті 1 санатты сарапшысы Данияр Әкежанов «Атамекен» ҚР ҰКП 3 дәрежелі медалімен марапатталды