ТМД алдында көптеген нақты практикалық мәселелерді шешу міндеті тұр - Мәскеудегі Достастық мемлекеттері басшылары Кеңесінің отырысы

МӘСКЕУ. 16 мамыр. ҚазАқпарат - Интеграциялық экономикалық және саяси бірлестікті құру бойынша қарқынды жұмыс ТМД аясындағы басым маңызға ие.
None
None

Бұл туралы ТМД мемлекеттері басшылары Кеңесінің бейресми отырысы кезінде Ресей Президенті Владимир Путин айтты.

«Бізді көп нәрсе біріктіреді: достық пен халықтарымыздың тату көршілестігінің берік дәстүрлері. Бізде экономикалық, аймақаралық, мәдени және гуманитарлық байланыстар сақталған. Бірақ істің мазмұны бойынша бір-бірімізден қол үзсек, тиімді қызмет етіп, дами алмаймыз. Қазіргі кезде алдымызда экономиканы жаңғырту, жаңа қауіптер мен қатерлерге қарсылық таныту және әлемдік тәртіпті әділ құру жұмысы бойынша міндеттері тұр», - деді РФ басшысы.

Ол ТМД-ның аймақтық бірлестіктерінің арасында қатысушылардың ең өкілді құрамын біріктіретін ұйым ретінде маңызды орын алып тұрғанын атап өтті. Осыны есепке алғанда Достастық аясында әрбір қатысушының тиімді дамуын қамтамасыз ететін интеграциялық экономикалық және саяси бірлестікті құру бойынша алдағы қарқынды бірлескен жұмыс басымдық маңызға ие.

«Бұл стартегиялық мақсатқа талпыну жолында Достастыққа жалпы экономикалық және гуманитарлық кеңістікті құру, аймақтық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру, ТМД-ның халықаралық беделін көтеруге байланысты көптеген нақты практикалық мәселелерді шешу керек», - деп түйіндеді ол.

 Отырыс барысында мемлекет басшылары Достастықтың қызметі және дамуының басты бағыттары, ТМД аясында алдағы көпжоспарлы ынтымақтастықтың болашағы бойынша пікірлерімен алмасты.

 Кеңестің отырысына Әзірбайжан, Армения, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан және Украина президенттері қатысты.

Соңғы жаңалықтар