16:08, 22 Қараша 2011 | GMT +5
ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы Астанада өтіп жатқан Еуропалық және азиялық медиа форумның қатысушыларына құттықтау сөз жолдады
НСК. 22 қараша. ҚазАқпарат /Айтуар Мамлин/ - ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы Сергей Лебедев Астанада өтіп жатқан Еуропалық және азиялық медиа форумның қатысушыларына құттықтау сөз жолдады. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне ведомстваның баспасөз қызметі хабарлады.

Өзінің құттықтау сөзінде ТМД штаб-пәтерінің басшысы форумға қатысушыларға сәлемдесе отырып, бүгінгі таңда еуразиялық кеңістікте бүкіл әлем үшін өте үлкен маңызға ие жағдайлар қарқынды дамып келе жатқанын атап өткен.
«Биыл ТМД-ға 20 жыл толады. Он бір мемлекет мүше болып отырған біздің ұйымда бұқаралық ақпарат құралдарының өзара іс-қимылын нығайтуға ерекше назар бөлінеді. ТМД Атқарушы комитеті Достастыққа мүше елдердің ортақ ақпараттық кеңістігін дамыту мен аяғынан тік тұрудағы БАҚ рөлін мойындай келе, осы салаға жан-жақты қолдау танытады», - деп атап өткен С.Лебедев.