ТМД - біздің ортақ іс-қимылымызды қамтамасыз ете алатын бірегей ұйым - РФ Бас прокуроры Ю. Чайка

А. Желтоқсанның 3-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгінде Тәуелсіз мемлекеттер достастығы біздің ортақ іс-қимылымызды қамтамасыз ете алады.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада өткен ТМД-ға мүше мемлекеттердің  бас прокурорлары Үйлестіру кеңесінің 18-ші мәжілісінде РФ Бас прокуроры Юрий Чайка мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ю. Чайка атап көрсеткендей, ТМД терроризм, трансұлттық ұйымдасқан қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес жолында прокуратура органдарының бірлесіп жұмыс істеулеріне жан-жақты жағдай жасап  отыр. «Осы жұмыстың нақты нәтижесін ТМД-ға мүше елдерінің прокуратура органдарының өзара ынтымақтастық бағдарламасы аясында қолға алған іс-шаралардан, сондай-ақ жемқорлық, адам саудасы және одан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету жөніндегі моделдік заңдарды әзірлеу жұмыстарынан айқын көруге болады. Қазірдің өзінде ТМД-ның Бас прокурорлары арасында рәсімделген келісімшарттар бойынша нақты жұмыстар атқарылуда», деді Ю. Чайка.

Соңғы жаңалықтар