Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

ТМД елдері туралы шынайы пікір қалыптастыру мемлекеттік ақпараттық агенттіктердің белсенділігіне байланысты - ТМД Атқарушы комитеті

МИНСК. 28 қаңтар. ҚазАқпарат /Айтуар Мамлин/ - Бүгін Минскіде ТМД-ның жарғылық және басқа органдарының жанындағы Тұрақты өкілетті өкілдер кеңесінің мәжілісі өтеді,

ТМД  елдері  туралы  шынайы    пікір   қалыптастыру  мемлекеттік   ақпараттық  агенттіктердің белсенділігіне байланысты  - ТМД Атқарушы комитеті

деп хабарлады ұйымның Атқарушы комитетінің баспасөз қызметінен.

Кеңестің жаңа жылдағы бірінші отырысы Тәжікстан Республикасының Достастықтың жарғылық және басқа органдарындағы тұрақты өкілетті өкілі Козидовлат Коимдодовтың төрағалығымен өтеді.

Тұрақты өкілдер бірінші кезекте ТМД-ның мемлекеттік ақпараттық агенттіктері басшылары кеңесінің қызметі туралы мәселені талқыламақ. Бұл кеңес халықтар арасындағы өзара түсіністік пен сенімді нығайтудың, Достастыққа қатысушы елдердің ықпалдастық ынтымақтастығын тереңдетудің маңызды факторы болып табылатын ақпараттық саладағы өзара іс-қимылдарды үйлестіру үшін 1995 жылдың қараша айында құрылған болатын. Қазіргі таңда Кеңеске Ресейдің ИТАР-ТАСС агенттігінің бас директоры Виталий Игнатенко жетекшілік етеді.

Достастық елдеріндегі жағдай туралы шынайы және жан-жақты пікір қалыптастыру мемлекеттік ақпарат агенттіктерінің белсенділігіне және олардың ақпараттық саладағы ұстанымдарының келісілуіне байланысты. ТМД Ақпараттық кеңесіне мүше агенттіктердің алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі - халықты Достастықтың аясында болып жатқан ықпалдастық үдерістермен таныстыру болып табылады.

ТМД елдерінің тұрақты өкілетті өкілдері сондай 2011 жылғы жұмыс жоспарларын белгілейді және 211 жылдың 8 сәуірінде Киевте өтетін ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесі мәжілісінің күн тәртібіне енгізілетін ұсыныстарды қарап шығады.