ТМД елдерінде өзара ақпарат алмасу жүйесін құру қажет

Жиналғандар кеден қызметін дамытуға байланысты бірқатар өзекті мәселелерді талқылады. Психотроптық және есірткі құралдарының заңсыз айналымының алдын алудың жаңа әдістері жөнінде өзара пікір алмасты. Жиын соңында 11 елдің өкілі кедендік бақылау саласын жетілдіру үшін ТМД елдері аумағында өзара ақпарат алмасу жүйесін құру қажет деп шешті.
«Күн тәртібінен түспейтін мәселе, ол - контрабандамен күресті жетілдіру. Контрабанда бұл әрбір экономикалық саясаттың, әсіресе, сыртқы сауданың соры. Бүгін көптеген елден келген әріптестерімізбен өзара ақпарат алмасу мәселесін де талқыладық. Барлығымыз да ел мүддесі үшін қызмет атқаратындықтан, сыртқы сауда операцияларын бақылап, біліп отырғанымыз дұрыс», - деп атап өтті ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Ғұсман Әмірин.