ТМД елдерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресудегі ынтымақтастық туралы келісімнің жобасы мақұлданды

САНКТ-ПЕТЕРБОР. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының сарапшылар тобы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресудегі ынтымақтастық туралы келісімнің жобасын мақұлдады.

ТМД елдерінде сыбайлас жемқорлыққа  қарсы күресудегі ынтымақтастық туралы  келісімнің  жобасы  мақұлданды
Бұл жоба ТМД Даму тұжырымдамасын жүзеге асыру жөніндегі негізгі іс-шараларының жоспары мен Қылмыспен күресу жөніндегі бірлескен шаралардың 2008-2010 жылдарға арналған мемлекетаралық бағдарламасын орындау мақсатында әзірленіп отыр, деп хабарлады ҚазАқпаратқа Достастықтың Атқарушы комитетінен. Құжатта ынтымақтастықтың мақсаттары мен міндеттері, құжат аясында атқарылатын жұмыстардың бағыт-бағдарлары, нормативтік-құқықтық базаны қалыптастырудың қағидалары, ақпараттар алмасу мен сауалдарды орындаудың жолдары, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық жолымен алынған табыстарды тәркілеу мәселелері көрсетілген.