ТМД елдеріндегі тәртіпсіздіктерге көбінесе сыртқы әрекеттердің ықпалы болды - Ресей Мүфтилер кеңесінің төрағасы

АСТАНА. 30 мамыр. ҚазАқпарат - Соңғы жылдары ТМД елдеріндегі тәртіпсіздіктерге көбінесе сыртқы әрекеттердің ықпалы болды.

ТМД елдеріндегі тәртіпсіздіктерге көбінесе сыртқы әрекеттердің ықпалы болды - Ресей Мүфтилер кеңесінің төрағасы

 Бүгін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі аясында өткен секциялық отырыс барысында Ресей Мүфтилер кеңесінің төрағасы Равиль Гайнутдинов осылай мәлім етті.

«Өткен жылы посткеңестік мемлекеттер өздерінің тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекеледі. Осы өткен жылдарда ТМД елдерінің мемлекеттілігі нығайып, бірқатар тұрақты экономикалық және саяси режимдер қалыптасты. Алайда, соңғы жылдары әлемдік экономикалық дағдарыс көптеген елдерде қарама-қайшылықтардың ушығуына әкелді», - деді ол.

Оның пайымдауынша, бұл тұрғыдағы қайшылықтар көбінесе сыртқы әрекеттердің күшімен болды. Ол соңғы жылдары ТМД елдерінде бүлік салу күшейе түскенін және бұл өз кезегінде лаңкестік актілерге әкелгенін жеткізді.

«Бүгінде тек бірлескен күш-жігермен ғана осы келеңсіз үрдіске қарсы тұра аламыз», - деп атап өтті ол.