ТМД елдерінің 35 археологы Оңтүстік Қазақстанның тарихи мұралармен танысуда

ШЫМКЕНТ. 3 қазан. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Түркістанда археологтар мектебіің сабақтары өтуде, деп хабарлады оның жетекшісі, Ә.Х.Марғұлан атындағы археология институтының директоры Бауыржан Байтанаев.

ТМД елдерінің 35 археологы Оңтүстік Қазақстанның тарихи мұралармен танысуда

«Бұл жобаның ауқымында Түркістан қалашығындағы ежелгі ортағаcырлық жерлеу орындары зерттелмек. Сондай-ақ жоба қатысушылары Оңтүстік Қазақстанның маңызды ескерткіштерімен және оларды зерттеу нәтижелерімен танысады. Бұлар - Күлтөбе қоныс орны, Сидақ, Сауран, Жуантөбе, Отырар қалаларының орындары, Бөріжары қорымы, Сайрам мен Арыстан-баб діни орындарының сәулеті», - деді Б.Байтанаев.

Ол сондай-ақ әртүрлі елдер тарихшыларының мұндай бірлескен жұмысы Қазақстанда алғаш рет - ТМД тарихи-мәдени мұралары жылында өткізіліп отырғанын атап өтті.

Ұйымдастырушылар мен қатысушылардың пікірінше, бұл жұмыстардың нәтиесінде ТМД мүше-елдерінің гуманитарлық ынтымақтастығы одан әрі жалғаспақ.