ТМД елдерінің арнайы қызмет басшылары Бакуде бас қосады
КУ. 25 қазан. ҚазАқпарат /Берік Хамидов/ - Бакуде 26-28 қазанда ТМД қатысушы-мемлекеттерінің қауіпсіздік органдары мен арнайы қызмет басшылары кеңесінің отырысын өткізу жоспарланып отыр.
Күтіліп отырғандай, отырыста Достасттықтың қауіпсіздік органдары мен арнайы қызметтерінің қауіпсіздік пен түрлі қауіптерге қарсы күрес саласындағы өзара ықпалдастығы мәселелері талқыға салынбақ.
Нақтырақ айтқанда, кеңес мүшелері экстремизм, лаңкестік, заңсыз көші-қон, Достастық кеңістігіндегі есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрестегі ынтымақтастық мәселелерін талқыға салады. Шараға қатысушылар ТМД елдерінің қауіпсіздік органдары мен арнайы қызметтерінің қылмыстық іс істерді жүргізу кезінде анықтау және алдын ала тергеудің тиімділігін арттыру шараларын қарастырады. Сонымен қатар, лаңкестікке қарсы оқу-жаттығуларды өткізудің нәтижелері, кеңестің жұмыс жоспары мен ТМД Лаңкестікке қарсы күрес орталығының 2012 жылға арналған іс-шаралар жоспары талқыланады. Барлығы күн тәртібіне 20-ға жуық мәселе қойылған.