ТМД елдерінің Гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы басымдық шараларының 2011-2012 жылдарға арналған жоспарының жобасы мақұлданды

САНКТ-ПЕТЕРБУРГ. Тамыздың 27-сі. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - ТМД-ның жарғылық және басқа да органдарындағы Достастық елдерінің тұрақты өкілдері кезектен тыс мәжілісте Гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы басымдық шаралардың 2011-2012 жылдарға арналған жоспарының жобасын мақұлдап, құжаттың әрі қарай Достастықтың жоғарғы органдарының мәжілістерінде қаралуы жолындағы процедуралық тосқауылды алып тастады.

ТМД елдерінің   Гуманитарлық  ынтымақтастық  саласындағы  басымдық  шараларының 2011-2012  жылдарға арналған  жоспарының  жобасы    мақұлданды

Достастықтың Атқарушы комитетінен хабарлағандай, Кеңестің кезектен тыс мәжілісі Комитеттегі ресейлік төрағалықтың бастамасымен өтті.

Сарапшылардың пайымдауынша, бұл жоспар Достастықтың гуманитарлық саладағы іс-қимылдарын үйлестірудің тиімді тетігіне айналады.