ТМД елдерінің шекараларында дағдарыстық жағдай туындаған кезде көмек көрсету заңмен бекітіледі

АСТАНА. Қаңтардың 28-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің шекаралық және өзге де ведомстволарының сыртқы шекараларда дағдарыстық жағдай туындаған кезде және оны реттеуге көмек көрсетуде өзара іс-қимылды ұйымдастыруы жөніндегі ережені бекіту туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Аталған хаттаманы ратификациялау сыртқы шекараларда дағдарыстық жағдай туындаған кезде және оны реттеуге көмек көрсетуде Тараптардың шекаралық және өзге де ведомстволарының өзара іс-қимылын жүзеге асыруға құқықтық негіз болып табылады. Сондай-ақ, заң жобасы бойынша шекарада тұрақтылықты одан әрі қамтамасыз ету және шекара маңындағы шектес ынтымақтастықты ынталандыру, мемлекеттік шекара режимін ұстау үшін құқықтық шаралар қамтылатын болады. Қазақстанның заңнамасымен және халықаралық шарттарымен халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында сыртқы шекараларда дағдарыстық жағдайлар туындаған кезде мәселелерді реттеу көзделмеген болып табылады. Сондықтан да, Хаттама «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» 2005 жылғы мамырдың 30-ындағы заңның 11-бабы 4) тармақшасына сәйкес ратификациялауға жатады. Егер әр нақты жағдайда өзге тәртіп келісілмесе, Тараптар ұлттық заңнамада көзделген осы Хаттаманы іске асыру жөніндегі шығыстарды өз бетінше көтеретіні де жазылған. ТМД елдері арасындағы осы хаттамаға 2007 жылғы қазанның 5-інде Душанбе қаласында қол қойылған.
Соңғы жаңалықтар