ТМД елдерінің Үкімет басшылары Санкт-Петерборда азық-түлік қауіпсіздігін арттыру тұжырымдамасын талқылайтын болады
САНКТ-ПЕТЕРБОР. 15 қараша. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - 2010 жылдың 19 қарашасы күні Санкт-Петерборда өтетін ТМД Үкімет басшылары кеңесінде ТМД-ға мүше мемлекеттердің азық-түлік қауіпсіздігін арттыру тұжырымдамасы талқыланатын болады. Бұл туралы ТМД Атқарушы комитеті-Атқарушы хатшылығы төрағасының бірінші орынбасары Владимир Гаркунға сілтеме жасай отырып, ТМД Атқарушы комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл құжат ТМД-ға мүше мемлекеттер өндірісінің есебінен барлық халықты негізгі азық-түлік тауарлары түрлерімен сенімді түрде қамтамасыз етуге жәрдемдесуі тиіс. Адам тіршілігі үшін қажетті азық-түлік тағамдарының физикалық және экономикалық тұрғыдан қолжетімді болуы міндетті шарт болып табылады.