ТМД-ға мүше елдер үкімет басшылары кеңесінде бірқатар құжаттарға қол қойылды (ФОТО)

Алқалы жиынға ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімов, Армения Премьер-Министрі О.Абраамян, Беларусь Премьер-Министрі А.Кобяков, Қырғызстан Премьер-Министрі Т.Сариев, Молдавия Премьер-Министрі К.Габурич, Ресей Үкіметінің төрағасы Д.Медведев, Тәжікстан Премьер-Министрі К.Расулзода қатысуда. Сонымен қатар бұл жиынға қатысушылар қатарында Әзербайжан үкімет басшысының бірінші орынбасары Я.Эюбов, Түркіменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары С.Сатлыков, Өзбекстан Премьер-Министрінің орынбасары А.Икрамов, ТМД атқарушы комитетінің төрағасы С.Лебедев те бар.
Шағын құрамдағы келіссөздердің нәтижесінде бірқатар құжаттарға қол қойылды. Атап айтқанда, отырысқа қатысушылар қаржы экономика саласындағы өзекті мәселелерді шешу жөніндегі ТМД мемлекеттерінің бірлескен іс қимыл жоспарын қабылдап, халықаралық байланыс тасымалын жүзеге асыру барысындағы Достастық мемлекеттері аумағында көлік қауіпсіздігі стратегиясын бекітті. Жалпы қол қойылған құжаттар саны жиырмаға жуық.
Отырыс нәтижесінде ТМД Үкімет басшылары кеңесінің келесі отырысын ағымдағы жылдың қазан айында Тәжікстан астанасы Душанбеде өткізу туралы шешім қабылданды.
Қазіргі уақытта ТМД-ға мүше мемлекеттер делегациялары басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысы басталды.