ТМД Қорғаныс министрлері Мәскеуде әскери ынтымақтастық саласындағы 25-тен астам мәселені талқылады

Талқылау ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Қорғаныс министрлері кеңесінің (ҚМК) 63-ші отырысы шеңберінде өтті. Оған Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбековтің жетекшілігімен Қазақстан Республикасы қорғаныс ведомствосының делегациясы, сондай-ақ Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан мен Украина әскери делегациялары қатысты.
Әскери салада интеграциялық үдерістердің даму маңыздылығын есепке ала отырып, отырысқа қатысушылар Кеңес жұмыс органдарының 2012 жылғы қызметінің нәтижесіне талдау жасап, ТМД ҚМК-нің 2013 жылға жоспарын бекітті.
Әскери мақсаттағы бірлескен жүйелерді құру мен жетілдірудегі ұзақ мерзімді көзқарастардан алғанда, әскери ведомство басшылары Мемлекеттік радиолокациялық танудың бір жүйесін дамыту туралы тұжырымдаманың жобасын талқылады. Радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайда бақылап отырған параметрлерде радиациялық, химиялық және биологиялық қауіпсіздіктің бірдей көрсеткіштері туралы ақпарат беруді жүзеге асыратын әскери басқару органдарының өзара іс-қимылын (басқару пункттері) қарастырды.
Қорғаныс министрлері әуе шабуылынан қорғаныстың бірлескен жүйесінің (ӘШҚ БЖ) қызметін болашақта жоспарлау ТМД ӘШҚ БЖ қатысушы мемлекеттердің келесі және ТМД ӘШҚ БЖ-нің 2014 жылдары дамуына қаржы бөлінуі мәселесіне баса назар аударды.
Топогеодезиялық ақпарат құралдарын стандартизациялау мен бір ізге түсіру, топогеодезиялық қамтамасыз ету және қатысушы-мемлекеттердің қарулы күштерін навигациялау, сондай-ақ ТМД-ға қатысушы мемлекеттер қарулы күштерін метрологиялық қамтамасыз етуді жетілдірудің 2020 жылға дейінгі кезеңге бірлескен жұмысының бағдарламасы қарастырылды.
Инженер әскерлерінде ұйымдастыру және бірлескен шаралар өткізу; инженерлік қару-жарақ құралдарыны жетілдіру және жөндеу; авиациялық техниканың ақауы туралы ақпарат алмасу; ТМД елдері қорғаныс министрліктеріне қажетті мұрағатаралық анықтама жасау; иженер әскерлеріне қажетті әскери мамандар әзірлеу мен топографиялық қызметтің мамандарын жетілдіру мәселелері де назардан тыс қалған жоқ.
Достастық елдері Қорғаныс министрлері сондай-ақ 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы мерекесіне дайындыалу мен оны өткізу соғыс даласында құрбан болғандардың тағдырын бірлесіп іздестуруді жалғастыру сұрақтарын талқыға салды.
ТМД елдерінің қорғаныс ведомстволарының басшылары ТМД-ға қатысушы мемлекеттер ҚМК-нің құрылғанына 20 жыл толуына арналған II халықаралық әскери-ғылыми байқауына қорытынды жасап, ТМД елдері достастық армияларының 2013 жылы спорттық чемпионаттарын өткізуге шешім қабылдады.
«ТМД ҚМК іскерлік және сындарлы әрі өзара сыйластық пен ашық пікір алмасу жағдайында өтті. Қорғаныс министрлері келешекте әлеуеті зор көп жақты ынтымақтастықты дамытуға және оның жүзеге асыру аймақтық және халықаралық қауіпсіздікті нығайту үдерістеріне, оған қоса қорғаныс саласы мен әскери кадрларды дайындауды реформалауға ықпал ететіндігіне келісетіндіктерін білдірді», - деді Әділбек Жақсыбеков.
ТМД ҚМК-нің кезекті отырысы шеңберінде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әзербайжан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы мен Беларусь Республикасының қорғаныс ведомствосы басшыларымен кездескендігін атап өткен жөн.
ТМД ҚМК-нің 63-інші отырысында қарастырылған сұрақтар Достастық кеңістігінде көпжақты әскери ынтымақтастық жүйесін келешекте жүйелі жетілдіруге,әскери салада өзара іс-қимыл мен өзара тиімді серіктестікті дамытуға бағытталды.