ТМД-ның Гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық қоры мен Еуропа Кеңесі ынтымақтастық туралы келісімге қол қояды
Еуропа Кеңесінің Страсбургтегі штаб-пәтерінде өткен кездесуде ТМД-ның Гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық қорының атқарушы директоры Армен Смбатян мен Еуропа Кеңесінің бас хатшысы Турьберн Янгланд осындай келісімге қол жеткізді, деп хабарлады Қор жанындағы ТМД, Балтық және Грузия елдері журналистерінің баспасөз клубынан.
Кездесу барысында тараптар ТМД-ның Гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық қоры мен Еуропа Кеңесінің арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Мәдениетаралық диалогты дамыту, әсіресе, ТМД мен Еуропа Кеңесі елдері жастарының арасындағы диалогты дамыту саласында бірқатар бірлескен жобалар өткізудегі тараптардың өзара іс-қимылдары туралы келісімге қол жеткізілді.