16:06, 03 Желтоқсан 2009 | GMT +5
ТМД Парламент мүшелері «Нева экспресінің» апатында қаза тапқандары еске түсірді
САНКТ-ПЕТЕРБОР. Желтоқсанның 3-і. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттері Парламетаралық Ассамблеясы кеңесінің төртінші отырысы қарашаның 27-сінде болған «Нева экспресі» апатының құрбандарын бір минөт тұрып еске түсіруден басталды.
Федерация Кеңесінің спикері, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттері Парламентаралық Ассамблеясы кеңесінің төрағасы Сергей Миронов лаңкестіктің ұлтқа бөлінбейтінін мәлімдеді. Құрбан болғандарды барлық өркениетті елдердің адамдары қайғырып еске алады. «Осы жан түршігерлік оқиға біздерді лаңкестікке қарсы барлық күшті жұмылдыруға мәжбүр етті», - деді ол.