Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

ТМД Ресей үшін сыртқы саясаттың басым бағыты болып қала береді

МӘСКЕУ. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат – ТМД елдерімен ынтымақтастық құру Ресей үшін басым бағыттардың бірі болып қала бермек. Бұл жөнінде РФ Президенті Д.Медведев қол қойған 2020 жылдарға дейінгі Ұлттық қауіпсіздік стратегиясында айтылған,

ТМД Ресей үшін сыртқы саясаттың басым бағыты болып қала береді
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК сілтеме жасап.Сонымен қатар, Ресей ТМД-нің өзімен, сондай-ақ Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымымен және Еуразиялық экономикалық қоғамдастықпен де интеграциялық әлеуетті дамыта бермек, өйткені ЕурАзЭҚ ТМД-мен шекаралас аймақтардағы жағдайдың тұрақтылығын сақтауға ықпал етеді. Құжатта ҰҚШҰ аймақтық қауіп-қатерге қарсы тұра алатын басты тетік ретінде қаралатыны атап өтілген, сондай-ақ ірі, оның ішінде инфрақұрылым және су-энергетикалық жобаларды жүзеге асыру құралы болып отыр.Сондай-ақ Стратегияда Ресей үшін Шанхай ынтымақтастық ұйымымен саяси әлеуетті күшейтудің де маңызды екендігі атап көрсетілген.